SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл – Фараби ауданында « 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне»

арналған  мерекелік іс-шара өтті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық Ардагерлер кеңесімен бірлесе «8 наурыз- Халықаралық әйелдер күні» мерекесі кезекті рет тойланды.

  Әл-Фараби ауданының әкімі Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы ауданымыздың Ұлы Отан соғысына қатысқан әжелерімізді, еңбегі сіңген аналарымызды және ауданның өсіп-өркендеуі мен даму жолында абыроймен еңбек етіп келе жатқан қыз-келіншектерді «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесіне» орай ардақты аналар мен аяулы аруларды алғыс хатпен марапаттап сый-сыяпатын табыстады.

      Мерекелік жиынға ҰОС және Тыл ардагерлері, Алтын алқа және Күміс иегерлері, Әл-Фараби аудандық «Нұр Отан» партия төрағасының орынбасары, Әл-Фараби аудандық  прокуратурасының аға прокуроры, «Ана үйі» ОҚО қоғамдық қорының координаторы, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, мектеп директорлары,  жергілікті бұқаралық ақпарат құралдыры мен үй басқарушылары қатысып, түрлі эстрадалық,  дәстүрлі және халық әндері шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерін көрсетті.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы