SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Республика, Жангельдин және Айбергенов көшелеріндегі тәуліктік пәтерлерді жалға беру қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп отыр. Бұл туралы қала тұрғындары мен қонақтары тарапынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан да наразылықтар айтылуда. Осыған орай, «Шымкент – қауіпсіз қала» жол қартасы аясында және Шымкент қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті рет аудан әкімінің және Әл-Фараби ауданы прокурорының, Әл-Фараби ауданының ішкі істер басқармасы басшысының және қалалық жергілікті полиция қызметі басшысының қатысуымен рейдтік іс-шара жұмыстары өткізілді.

Іс-шара барысында, аталған көшелерді 60 учаскелік полиция қызметкерлері және 6506 әскери бөлімінің сарбаздары тұрақты түрде аралауда. Сонымен қатар, әрбір пәтер иесін анықтап тізімі жасақталуда және жол бойында пәтерді жалға беретін тұлғаларға ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 449-бабына сәйкес хаттамалар толтырылуда.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы