SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық акциясы өтті.

Бүгін Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Қошқар ата өзені аумағында «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық акциясы өтті.

Экологиялық акция барысында «Қошқар ата» өзенінің бойында санитарлық тазалық жұмыстар, өзен жағасындағы қураған ағаштар қырқылып, шөптер орылып және жағажай жолдарын тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияға Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мауленкулов және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы ІІМ «Б.Момышұлы атындағы оқу орталығы» мекемесінің қызметкерлері, ауданның ЖОО-ның жастары, ауданның белсенді тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысып жалпы саны 750 ге жуық адам санын құрады.

Сонымен қатар, акция барысында 10 техника, Оның ішінде: 7 арнайы тұрмыстық қалдықтар шығаратынтехника, 1 арнайы ағаш кесетінтехника және күл-қоқысты шығаратын 2 үлкен камаз жұмылдырылып 55 м3 күл-қоқыс шығарылды.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы