SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жғдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы       10 қаңтардағы  Қазақстан халқына кезекті Жолдауы мен 2017 жылғы             12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және түсіндіру бойынша аудан әкімі Б.Қалжановтың аудан активімен кездесуі болып өтті.

Жиынға қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, облыстық «Нұр Отан» партиясының мүшелері мен «Нұр Отан» партиясының Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы С.Қуашбай,        Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров, аудан аумағында орналасқан ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарының басшылары мен мектеп, балабақша меңгерушілері, дін өкілдері мен  жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жиында ең алғаш болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы барлық қазақстандық азаматтарға арналған 10 міндетіне қысқаша тоқталып өтті.

-Қазіргі таңдағы еліміздің ұзақ стратегиялық жоспарларының жалғасы болып саналатын бұл Жолдауда- өнеркәсіп барлық бағыттардың локомативі болуға тиіс. Жаңа технология, азаматтарымыздың білім алуы мен өмір сүру деңгейінің жылдан-жылға жақсару жолдарының себептері, балаларымызды қалай тәрбиелеуіміз қажет, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары, «Ақылды қалалар» тұжырымдамасы жайлы толық айтып өткен Елбасының Жолдауын іске асыру, қолдау біздің міндет,- деп өз баяндамасын жоғары деңгейде оқыған облыстық «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы С.Мәжінбеков көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Сондай-ақ, жиында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына да кеңінен тоқталып өтті. Бағдарламалық мақала жайлы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының доценті, тарих ғылымының кандидаты Қ.Анарбаев баяндама жасап өтті.

Елбасының биылғы халыққа Жолдауының 7 бағытында көрсетілген міндет: міндетті әлеуметтік сақтандырудың өзекті мәселелері жайлы «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның ОҚО бойынша филиалының ақпараттандыру бөлімінің басшысы А.Беден жиналған қауымға міндетті әлеуметтік сақтандырудың тетіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап, бейнеслайд түрінде көрсетіп берді.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы