SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

Ешкім де ұмытылмайды,

Ешнәрсе де ұмытылмақ емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Жеңіс күні-бұл сан сыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке-бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміздің ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қала бермек.

     9 мамыр-бұл мереке ғана емес, бұл ауыр еңбек, бұл халықтың батырлығы. Біздің парызымыз – бұл күнді еске сақтау! Оларға лайықты кәрілікті қамтамасыз ету, оларға көмектесу біздің парызымыз!

   Мереке қарсаңында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік іс-шарада аудан әкімі - Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, концерттік бағдарламалар қойылды. Сонымен қатар, Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Әл-Фараби ауданындағы  Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне аудан әкімінің атынан құттықтаулар айтылып, сыйлықтар табысталды.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы