SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелері туралы 2019 жылдың сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылардың материалдық жағдайын қайта тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудан бойынша 5560 отбасы қайта тексеруден өтіп, 4578 отбасы мұқтаж деп танылса, қалған 836 отбасы белгілі себептермен мұқтаж емес деп танылды. Атап айтқанда 109 отбасы табыс көздерін жасырған, отбасы құрамын толық көрсетпеген 290 отбасы және 10 отбасы келісім-шартты орындамаған. Сонымен қатар, 427отбасы алғашқы атаулы әлеуметтік көмекке тапсырған кездегі көрсетілген мекен жайдан көшіп кеткені анықталған болатын. Осыған орай, қайта тексерудің нәтижесі бойынша, аталған отбасылардың атаулы әлеуметтік көмек алуы толық токтатылады. Бүгінгі таңда 6122 отбасының 5560 отбасыға тексеру жұмыстары жүргізілді, қалған отбасыларға қайта тексеру жұмыстары жалғасуда.

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы