SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы тұрғындардың назарына!

 

 

     Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашын салдарынан көптеген үйлер алдын су басып қалуда. Осыған орай, Әл – Фараби ауданы аумағында су алу қаупінің алдын алу мақсатында тұрғындар өз тарапынан есік алдындағы ирригациялық арықтарды тазалау, қалпына келтіру, тұрғын үй құрылыстарын жүргізу кезінде арықтарды барынша қадағалауы қажет. Жауған жауынның өтетін арнайы арықтарды тазалау, арықтар мен жол астынан өтетін құбырларға қоқыс тастамау керектігін ескертеміз.

Сонымен бірге, алдағы жаз мезгілінде шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтап, балаларыңызды қараусыз қалдырмауларыңызды сұранамыз.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы