Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен №7 Қ. Сыпатаев атыңдағы лицей – мектебінде Әл-Фараби ауданының қызметкері Ж Оспанов, аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы М. Омаров, № 7 лицей – мектебінің директоры
Р. Алмаханқызы және аудандық ювеналдық полиция қызметкері
М. Қуанышбековтың қатысуымен оқушы жастармен кездесу өтті. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы қылмыспен құқық бұзушылық зорлық-зомбылықтың және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу мен отансүйгіштік туралы аталып өтті. Іс-шара барысында оқушылар сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Кездесу соңында мектеп директоры және кездесуге келген қонақтар жастарға оқуда сәттілік тілеп, жоғары білімді маман болуларына тілектестік білдірді.
Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы