SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Шымкент қаласының әкімі Е.Айтахановтың жеке қабылдауында болған тұрғындардың мәселелері қазіргі таңда қатаң бақылауға алынып тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан Төле би көшесі бойындағы «Орталық Қырғы»базар аумағындағы ретсіз саудамен айналысатын тұлғаларға Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп  ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қала аумағында орналасқан базарлармен меморандум түзіліп, базар аумағындағы 2 ай жеңілдікпен берілетін әлеуметтік сауда қатарына орналасу үшін саудагерлерге орындар ұсынылды.

Алдағы таңда бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы