SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Әл-Фараби ауданына қарасты «Бадам» шағын ауданы 195 орам және «Сәуле» шағынауданы 276 орам мен «Текесу» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерін талқылады.

Жиын барысында, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Патшаханұлы қала әкіміне 2014 жылы Әл-Фараби ауданына көрші аудандардан қосылған үш елді мекен бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, аталған елді мекендер бойынша алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қала басшысы Ерлан Қуанышұлы қала бюджетінің басым бөлігін инфрақұрылым саласына бағыттау керек екенін және тиісті әлеуметтік карта әзірлеуді және елді мекендерді мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, жол мәселелерін шешу бойынша жұмыстар атқаруды сонымен қатар, аудан әкімі мен тиісті салалық басқармаларға мемлекеттің қолдауымен кәсіпкерлік мақсатқа төмен пайызбен беріліп жатқан қаржылар, бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырып, өз бақылауында болатынын жеткізді..

Жиын соңында, тұрғындар жиында көтерілген ауыз су, электрмен жабдықтау, жаңа мектеп салу, тасымалдау, көгілдір отын секілді проблемалық мәселері бойынша нақты жауап алып, алдағы уақытта аталған жұмыстар оң шешімін тапса деген өтініштерін жеткізді.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы