SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Хабарландыру!

Тұрғындардың назарына!

ҚР Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» өкіміне сәйкес, отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру мақсатында қала әкімінің орынбасары Қ.Нұртай бекіткен іс-шаралар тізбесіне сәйкес дәстүрлі «Мерейлі отбасы» конкурсына өтінімдер қабылдануда.

Байқауға қатысушылар азаматтардың өтінімдері 2019 жылдың мамыр айының 15 жұлдызына дейін Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Тыныбаев көш. №49 үй) қабылданады.

Толық ақпарат үшін 54-07-92 нөмеріне хабарласыңыздар.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңін өткізу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін жоғарылатуға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

2) отбасыларды, еңбекке қабілетсіз ата-аналарына кәмелетке толған балаларының күтім жасауын дәріптеу және кеңінен насихаттау.

3) отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, отбасылық шығармашылық байланыстарды ынталандыру;

4) отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасында бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.

2. Конкурсқа Шымкент қаласында тұратын отбасылар (бұдан әрі – Үміткерлер) қатысады.

3. Конкурсқа отбасы мүшелерінің түрлі сала бойынша еңбекте жетістіктерге жеткен (спорт, ғылым, мәдениет, білім т.б.) шығармашылық, интелектуалдық қабілетті отбасылар қатыса алады.

4. Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымның құрамына мүшелерінің бірі кіретін отбасылар Конкурсқа қатыса алмайды.

2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

Конкурс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – қалалық, екінші кезең – өңірлік, үшінші – ұлттық.

Конкурсқа қатысуға өтінімді іріктеу мақсатында арнайы комиссия құрылады.

Комиссия құрамы комиссия төрағасынан, комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады.

Комиссия комиссия хатшысы комиссия төрағасы мен мүшелерінің қарауына дайындалған құжаттар мен материалдарды ұсынады. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен екісі қатысқанда құқылы болып есептеледі. Комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіруі мүмкін.

Анкеталық іріктеу:

Конкурс өтінімдері мына мекен-жайға өткізілуі тиіс. Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі 49 үй, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты.

Үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:

1) ата-аналардың (қамқоршылардың, тәрбиешінің) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асыраушы (қамқоршы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қамқорлықты (тәрбиелеуді) белгілеу туралы шешімінен үзіндінің көшірмесі;

3) неке туралы куәліктің көшірмесі;

4) отбасы туралы фото суреттер, балаларды тәрбиелегені үшін алған марапаттарының, белгілі бір жетістіктерді куәландыратын құжаттардың көшірмелері (грамота, алғыс хаттар, т.б.);

5) әріптестерінің, көршілерінің, өңірдегі беделді адамдардың, достарының ұсынымдары.

6) белгіленген нысанда толтырылған анкета;

Комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Өтінімдер 2019 жылғы 15 мамырына дейін қабылданады.

Байланыс телефондары: 54-07-92

Егер өтінім көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған немесе толық көлемде (белгіленген нысанда) ұсынылмаған жағдайда үміткерлер Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Келіп түскен өтініштерге сәйкес арнайы конкурстық комиссия үміткерлердің құжаттарымен танысып, жеңімпаз 4 отбасыны қалалық байқауға қатысуға екінші кезеңге жібереді.

Комиссия іріктеу барысында мынадай критерийлерді басшылыққа алады:

1. Отбасы мүшелерінің жетістіктері;

2. Отбасылық дәстүр және жәдігер;

3. Отбасының рухани – адамгершілік құндылықтары;

4. Балаларының жетістіктері;

5. Ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;

6. Өздерінің шыққан тегін білу (шежіре - ру тарихы);

7. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны-бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтарының өкілдері);

8. Отбасының дарындары;

9. Отбасының өмір сүру салты (саламатты өмір салты, бос уақыты және т.б.)

10. Отбасының қоғамдағы беделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы