SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

      Аудан аумағында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті» алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVIII сезъдінде өткен Елбасымыздың берген тапсырмаларын орндау мақсатында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» алу жолдарын түсіндіру бойынша «Ескі қала», «Қарасу», «Отырар» шағынаудандардың тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге жұмыспен қамту орталығы және тұрғын үй басқармасының мамандары қатысып жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде қалай тағайындалатындығы жөнінде түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем. Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтік жағдайына байланысты, көмек екі түрге бөлінеді: шартсыз және шартты.

- Шартсыз ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкіндігі шектеулі аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

- Шартты ақшалай көмек – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе біржолғы ақшалай төлем түрінде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Алдағы уақытта аудан аумағында аталған жұмыстар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы