SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Күзгі маусым, алдағы жауын-шашын күндерді ескере отырып, Әл-Фараби ауданы бойынша ауладағы ирригациялық арықтарды және жаппай жапырақ түсу мерзімінде қоқыс алаңшаларының жанында көптен жатқан қоқыс қалдықтарын, жапырақ үйінділерін тазарту мақсатында, сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікке Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, қалалық Коммуналдық шаруашылық және энергетика басқармасы тарапынан қажетті техника, қоқыс тасымалдаушы "ОрионНовТех" ЖШС және мердігер мекемелердің жұмысшылары және техникалары жұмылдырылып, жалпы 287 адам, 17 техника қатысты. Осындай сенбілік жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы