SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

ҰӘл-Фараби ауданы аумағындағы заңсыз дүңгіршектерді жою бойынша іс-шара

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардаға сауданы жою жұмыстарының 2018 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданында ретсіз сауда және заңсыз дүңгіршектермен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай, кезекті рет аудан әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті учаскелік полицейлер өкілдерінің қатысуымен іс-шара жұмыстары өткізілді.

      Іс-шара барысында, «Қошқар ата» өзенінің жағалауындағы ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға және заңсыз орналасқан дүңгіршек иесіне ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған заңсыз «Балмұздақ» дүңгіршегі орнынан алынды.

Қазіргі таңға, Әл-Фараби ауданы бойынша 39 заңсыз орнатылған  дүңгіршек  алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы