SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       2018 жылдың 7 ақпанында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы  12 сәуірдегі бағдарламалық мақаласын түсіндіру, насихаттау мақсатында аудан аумағында орналасқан «Химфарм» зауытында зауыт  қызметкерлерімен  кездесу жиыны болып өтті.

Жиынға зауыт  басшылығы мен бөлім меңгерушілері, аудан әкімі аппараты тарапынан мәдени ағарту жұмысы бөлімі  мамандары қатысты.

    Жиынды ең алғаш болып сөз алған бөлім басшысы Ж.Оспанов Президентіміз Н.Назарбаевтың  «Рухани жаңғыру:болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласына және онда көрсетілген 6 бағдарлама туралы қысқаша шолу жасап өтсе, М.Әуезов атындағы «Философия және мәдениеттану» кафедрасының кандидаты, доцент Корганова Саида Сұлтанқызы Рухани жаңғыру кезеңінде латын әліпбиіне өтуіміздің ролі үлкен екенін,орыс тілінен қазақ тіліне толық көшуіміздің бастауы осы әліпбиге көші деп баса айтты. Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Бірақ бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор. Себебі бұл сөз тілінің болашағын ойлаған тіл мамандары мен тілге жанашыр зиялы қауымның көкейіндегі ойды дөп басқандай. Мұны қазіргі кириллица-қазақ  әліпбиіне немесе орыс тіліне теріс қарау деп емес, қайта қазіргі әліпбиіміз бен жазуымыздағы халықтың өз еркімен қалап алмаған, кешегі кеудемсоқ жүйенің өктем саясатының әмірімен күшпен таңылған кейбір кірме әріптерден арылып, таза қазақ әліпбиін жасау бағыты деп түсіндірді.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы