SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Туған күніңмен, Астана!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Елорда күнінің айшықты аталып өтуі Шымкент жұртшылығы үшін де өте маңызды. 5-шілде күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қаламыздың Орталық саябағында мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада алғаш болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов жиналған қауымды Астанымыздың төл мерекесімен құттықтап, тәуелсіздігіміздің тірегі, сүйікті Отанымыздың жүрегі, халқымыздың мақтанышы - елордамыз Астана қаласының төл мерекесімен шын жүректен құттықтады, шымқала Шымкентіміздің де еліміздің Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші мегеполис қалалартың қатарына кіріп, Астанадай әсем қалаға айналуда деп атап өтті.

Мерекелік іс-шарада ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталса, көпшілік қауым назарына кітап көрмесі және спорттық сайыстармен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы