SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Елбасы Жолдауы медицина қызметкерлеріне де біршама міндеттер жүктеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Ағымдағы жылдың  6 ақпанында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы       10 қаңтардағы  Қазақстан халқына кезекті Жолдауы ақпараттық сүйемелдеу мақсатында қаламыздағы №1 облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерімен  кездесу болып өтті.

Сондай-ақ, жиынға перинаталдық орталық басшылары мен бөлім меңгерушілері, аудан әкімі аппараты мамандары қатысты.

Жиынды ең алғаш болып ашып, сөз  аудан әкімі аппаратының мәдени ағарту жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Оспанов Президентіміз Н.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы туралы қысқаша шолу жасаса, М.Әуезов атындағы «мәдениеттану және саяси ғылымдар» кафедрасының доценті Рысбаева Сәуле Жақсыбайқызы Жолдаудың барлық қазақстандық азаматтарға арналған 10 міндеті жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп өтіп, соның ішінде орталық қызметкерлерінің жұмыстарына тікелей бағытталған              7-бағытында көрсетілген міндет-міндетті әлеуметтік сақтандырудың өзекті мәселелері жайлы орталық қызметкерлеріне толықтырып, түсінбеген сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы