SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елбасы Н.А.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры"

атты мақаласы талқыланды.

 

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері арасында            21 қараша 2018ж. Елбасы Н.А.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы талқыланды. Аудан әкімі Ғ.П.Мауленқұлов өз сөзінде Елбасының мақаласы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы екенін түсіндірді, онда ата-бабалар бейнелерінің ажырамас бөлігі болып табылатын Ұлы даланың жеті қыры көрсетілген. Ұлттық санамызды жаңғыртып, «ұлттық кодымызды» қалыптастырып, таяу жылдарда ел атқарар міндеттерді межелеп, елді «рухани жаңғыру» жолына бастаған Елбасымыз халқымызға кезекті «Ұлы даланың жеті қырын» жария етті. Бұл біздің ұмытуға хақымыз жоқ ұлы тарихымыздың құндылықтары Біз кім екеніміз жөнінде сұрақ болуы мүмкін емес. Бізде әркез қазақстандық идеология қандай екендігі жөнінде сұрақтар туындап жатады. Президент өз мақаласымен xалқымыздың қандай екендігі жөнінде анықтап берді. Руxани жаңғыруда біз ұлттық кодымызды ұмытпай, әлемге өзімізді таныту, бірақ бар ғаламға, жаңалыққа ашық танытып отырыуымыз керек. Біз кім екендігімізді танып қана қоймаймыз, оны ары қарай зерттеумыз керек, осыған байланысты алдымызда көптеген жұмыстарды жүзеге асыру міндеті тұр.

Аудан әкімі қорытынды сөзінде, өткенді мақтан етіп, бүгінді биікке көтерген, тарихы айқын, болашағы жарқын ел ғана – Мәңгілік еліміздің мұраты болмақ екендігін атап өтті.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы