SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Тағы да бір тарихи маңызды қадам жиыны өтті Латын әліпбиіне көшу-заман талабы. Шын мәнінде бұл білім беру жүйесінің, ғылым мен технологияны замануаи негізде дамыту мақсатында туындап отырған қажеттілік. Қазақстан жоғары деңгейге жету үшін Елбасымыз мемлекеттің алдына жаңа міндет-рухани даму қойды. Әрбір мемлекеттің дұрыс ішкі экономикасы, дұрыс саясаты болуы қажет, одан кейінгі рухани өмірі мен мықты идеологиясы, ел азаматтарының бойында отансүйгіштік қасиеті болмаса, алға қарай жылжыуы мүмкін емес. Сондықтан да қазіргі таңда елімізде және бүкіл ақпарат құралдарында көтеріліп жүрген маңызды мәселелердің бірі-кириллицамыздың латын әліпбиіне көшуі. Қазіргі таңда елімізде халық арасында латын қарпіне көшуді кеңінен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр. Дәл сондай іс-шаралардың бірі, Елбасымыздың Жарлығын қолдау мақсатында 3 қараша күні Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратынының мәжіліс залында аудан активінің кириллицадан латын әліпбиіне көшуін кеңінен түсіндіру жиыны болып өтті. Жиынға аудан әкімі Б.Қалжанов, ОҚО «Нұр Отан» партиясының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы С.Мажимбеков,қалалық тілдерді дамыту орталығы мамандары мен аудандық ардагерлер кеңесі мүшелері, зиялы қауым өкілдері,журналисттер мен білім беру саласының қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты. Елімізде латын графикасына негізделген латын әліпбиін қолдану аса қиындықтар тудармайтынын және біз мұны жастар арасындағы түрлі әлеуметтік желілердегі ағылшын тілі алфавитіндегі қаріптерді қолдануынан байқауымызға болады. Латынға көшу елімізде ғылым мен техниканың дамуына одан әрі әлемдік деңгейде жоғары сатыларға жетуімізде кеңінен жол ашады -деді жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Б.Қалжанов. Жиын барысында пікір білдірген қатысушылар барлығы да ең алдымен, латын әліпбиіне көшу мемлекеттілігіміз үшін тарихи маңызды қадам, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған іс-шара екенінін айта келе, осы бағытты ұстанатынын, латын қарпіне көшу жобасын қолдай отырып, оның халық арасында қолдау табуына атсалысатындықтарын білдірді.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы