SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Латын қарпіне көшу-заман талабы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлығын қолдау мақсатында облыс әкімінің ағымдағы жылға бекіткен желілік кестесіне сәйкес, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27 қараша күні Оңтүстік Қазақстан педагогикалық колледжінде ұстаздар мен студенттер, аудан тұрғындары арасында іс-шара болып өтті. Іс-шараға аудан әкімі аппаратының мәдени ағарту жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Оспанов пен ОҚО «Нұр Отан» партиясы филиалының саяси жұмыстар бөлімінің басшысы С. Нажимбеков қатысты. Ол өз сөзін жастарды білімді болуға шақырудан бастады. Қазіргі жаһандану заманында жан –жақты білімді болып,өз мемлекетімізге пайда келтірудің жолын қарастыру керек деді. Рухани жаңғырудың үшінші кезеңінде тұрғандығымызды және біздің басты құндылықтарымыз не екенін таратып айтты. «Ел болам десең бесігіңді түзе!» -деп ұрпақ тәрбиесіне баса мән беру керектігін айтып өтті. Аудан әкімі аппаратының мәдени ағарту жұмысы бөлімінің басшысы Ж.Оспанов сөз алып, қазақ халқының тарихы мен жүріп өткен жолдары туралы жастарға тереңінен түсіндіріп, ата-бабамыздың ұстанған салт-дәстүрін, аманат ретінде қабылдап, келер ұрпаққа жеткізу керектігін жіті айтып өтті. Қазақ халқының ұл-қыздарының тәрбиелі болуының маңыздылығы жөнінде де, біршама тәрбиелік мәнді сөздер айтып, өмірден мысалдар келтіре отырып түсіндірді. Рухани жаңғыру кезеңінде латын әліпбиіне өтуіміздің ролі үлкен екенін,орыс тілінен қазақ тіліне толық көшуіміздің бастауы осы әліпбиге көші деп баса айтты. Сөз соңында, жаһандау заманында латын әліпбиіне көшудің маңызы өте зор екенін айтты. Дыбыстарды дұрыс айта білудің өзі ұлттық сана-сезімнің оянуы деп түсіндірді. «Ұлттық мүддені жеке мүддеден жоғары қойып, латын һаріптеріне көшуді бір ауыздан қолдағанымыз жөн»- деп колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Байсейітов жастарды латын әліпбиін бірауыздан қолдауға шақырды.

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы