SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Менің жетістігімнің тарихы

     Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жоспарына сәйкес «Әдеп жөніндегі уәкілінің қызметін жетілдіру» бойынша кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты жас мемлекеттік қызметшілердің жоғары рухани жауапкершілігі мен кәсіптік білімін тәжірибеде қолдана отырып, арттыру және жас мемлекеттік қызметшілерді адал және белсенді өмір позициясын ұстана отырып, еліміздегі мемлекеттік қызметтің имиджн көтеруге шақырылды.

Осыған орай, аталған тақырып бойынша өз тәжірибесімен бөлісу үшін мемлекеттік қызметте 30-жылдан астам еңбек өтілі бар, көптеген жылдар Шымкент қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімін басқарған Әзімова Ұлдана Жұмағұлқызы және мемлекеттік қызметте 30-жылдан астам еңбек өтілі бар, Шымкент қаласы әкімі аппаратының аударма жөніндегі редакторы қызметін атқарған Смағұлова Алма Смағұлқызы кездесүге шақырылды. Шақырылған қонақтар кездесу барысында өздерінің ұлан білімді, мол тәжірибесімен жас мемлекеттік қызметшілермен бөлісті

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы