SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданыны ңәкімі Ғабит Мәуленқұлов 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты мерекелік шарасын өткізіп, ауданның әйелдер қауымын құттықтады.

Қалалық оқушылар сарайында  өткізілген салтанатты шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қоғам қайраткерлері, көп балалы аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген нәзік жандылар қатысты. Аудан басшысы аналарымыздың шаңырақ отын маздатып, өңір дамуына өлшеусіз үлес косып келе жатқандығына тоқтала келе, өзінің мерекелік құттықтауын жеткізді: - Сұлулық пен нәзіктіктің иесі - Сіздерді осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Әйел, отбасы, қоғам бұл үшеуі өзара тығыз байланысты. Әйел - ең алдымен, ұрпақ бақытына, өз шаңырағына, сондай-ақ, Отанымыздың болашағына жауапты тұлға деп қорытындылады өз сөзін Ғабит Патшаханұлы. Іс-шара барысында аудан басшысы көп балалы аналарға «Алтын» алқа, «Күміс» алқа төсбелгілерін табыстап, бірқатар азаматшаларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын ұсынды.

 Жиын соңы аналар құрметіне концерттік бағдарламаға ұласып мың бұралған бишілер би билеп, күміс көмей әншілер әйелдер қауымына арнап ән шырқап

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы