SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

     Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын насихаттау бойынша Шымкент политехникалық колледжінде жиын өтті

Бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Халқына жолдаған Жолдауы бойынша Шымкент қаласы әкімдігінің астамасымен Әл-Фараби ауданы аумағындағы Шымкент политехникалық колледжінде аудан ардагерлері, студент жастармен және оқытушы ұстаздар қатысуымен кездесу жиыны өтті.

       Алғашқы болып сөз алған Шымкент қаласы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай жолдаудың 5 бағытын атап өтіп, жолдаудағы Заман талабына сай тиімді мемлекет бағыты бойынша, яғни, «Халықпен тиімді кері байланыс орнату» мақсатында қалада атқарылып жатқан жұмыстармен және алдағы уақытта жасалатын жұмыс жоспарларымен бөлісіп өтті.

Сонымен қатар, Президент жолдауының маңызы, мемлекет алдындағы жаңа міндеттер мен жолдаудың идологиялық мақсаттары бойынша М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі жіне жастар саясаты департаментінің директоры Сәкен Мәжінбеков өз ойын ортаға салып, көпшілікке тарқатып айтып өтті.

Жиын соңында Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев жолдау аясында жастар саясаты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен жастар жылына орай іске қосылған бағдарламалр туралы өз ойын ортаға салып қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп өтті.

Жиын қала әкімінің бірінші орынбасары, басқарма басшылары, құзырлы мекеме өкілдері, колледж ұжымы, студент жастар, білім саласының қызметкерлері, және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы