SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыс бойынша мүгедектерге қолжетімді орта құруға кәсіпкерлерді жұмылдыру  мақсатында «Біз біргеміз!» акциясы өткізілуде. Акцияның мақсаты – мүгедектерді қоғам өміріне тең құқылы мүше ретінде қатысу жолында кедергілерді жою. Бүгінгі таңда осы акцияны өткізу мақсатында іс-қимыл жоспары бекітіліп, кәсіпкерлерге бағытталған «Үндеу» жарияланды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N39 Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес,  «Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.

      Аталған объектiлердi мүгедектердiң кiрiп-шығуына бейiмдеу мүмкiн болмаған жағдайларда, тиiстi жеке және заңды тұлғалар мүгедектердiң қажеттiлiктерiн барынша ескеретiн қажеттi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыруға тиiс» делінген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, 2017 жылдың 24 тамызы күні                      Әл-Фараби ауданында орналасқан жекеменшік нысандарға рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Жыл басынан бері ауданымызда 176 нысан зерделеуден өтіп 83 нысанға Пандустар орнатылды.

Көрсетілген заңнамалық нормаларды орындамау Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 83-бабына сәйкес, құзырлы мекемелер тарапынан айыппұл салуға әкеп соғатындығын назарыңызға жеткіземіз.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы