SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«1 маусым - балаларды қорғау күні»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай халықтың болмасын, елдігін, салт-дәстүрін, ата-мекенін болашаққа апаратын бүгінгі жас ұрпағы.

Жаздың бірінші күніне тұспа-тұс келген «1 маусым - балаларды қорғау күні» мерекесіне орай, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен ауданымызда тұратын тыл жетім, жетім, тұрмыс жағдайы  төмен отбасы және көп балалы отбасыларынан шыққан ОҚО ББ «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» КММ  және «Естімейтін балаларға арналған №2 мектеп-интернаты» оқушыларына арнап  «Қиял Әлемі» саябағында іс-шара өткізілді.  Іс-шара барысында  балалар аттракциондарға тегін мініп, сыйлықтар мен балмұздақтар таратылды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына қолдау көрсеткен демеушілерімізге «Қиял Әлемі» әкімшілігіне, «Дони» ЛТД мен «Визит» ЖШС-не  үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы