SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

2019 жылдың 4 сәуірде Әл-Фараби әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә. А. Көмекбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілі А. С. Есенгельдина, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің төрағасы Е. Ә. Төлебаев және Психология ғылымдарының докторы, бизнес-тренер, РФ кәсіби психотерапевтік лигасының халықаралық деңгейдегі ресми оқытушысы және мүшесі Г.Аяпбергенованың қатысуымен және Әл-Фараби, Абай ауданы әкімі аппаратының, жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, білім басқармасының мемлекеттік қызметкерлері арасында тренинг өткізілді.

Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды: әкімшілік ресурстарды дұрыс пайдалану, жұмыстан тыс уақытта өзін-өзі ұстану, ресми қатынастардағы мінез-құлық, мүдделер қақтығысы, бұқаралық ақпарат құралдары, БАҚ-мен қарым-қатынас, сыйлық қабылдау кезінде мінез-құлық стандарттары. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтеруге, жауапкершілікті арттыруға арналған және аталған мәселе бойынша әркім өз пікірін білдіріп, іс-шара соңында мемлекеттік қызметшілерді толғандырған сұрақтарға жауаптар беріліп, алдағы уақытта да осы тұрғыдағы кездесулерді жиі ұйымдастырып отыруды шешті.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы