SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Ұлы Отан соғысы ардагерін 100-жасқа толған

мерейлі туған күнімен құттықтау сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Биыл Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай елімізде түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып, ардагерлерімізге материалдық, рухани  көмектер көрсетілуде. Соның бірі, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен ауданда тұратын Ұлы Отан соғысы ардагері Руденко Анастасия Павловна апамызды 2016 жылдың    15 наурызында аудан әкімінің орынбасары С.Нұрманов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Омаров 100-жасқа толған мерейтойымен арнайы ардагер апамыздың шаңырағында болып  аудан әкімінің құттықтау хатымен, қазақы дәстүрмен апамызға шапан жауып, жылы сөздер мен ізгі тілектер тіледі.

Соғыстың салған жарасы, боздақтардың қыршын қиылуымен келген-бұл Жеңістің дәмі зор. Уақыт алға жылжып сырғыған сайын, тірі тарихи батырларымыздың қатарлары күн санап кеміп, арамыздан азайып бара жатыр. Оларға қандай да қолдау, көмек көрсетсек те артық болмайтындығы барлығымызғы мәлім. Сондықтан да тарих куәгерлері мен батырларын қолда барда қадірлейік!

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы