SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

"ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ"

 

Қалымызды тазарту жұмыстарына ауданымыздың мекеме-ұжым қызметкерлері белсенді түрде ат салысуда

Мұның бәрі туған ауылымыздың көркі үшін, өзіміздің салауатты өмір салтымыз үшін жасалып жатқанын ұғынғанымыз дұрыс. Ал, жасалып жатқан еңбекті еш етпей, тазалық пен тәртіп сақтауды ауданымыздың әрбір тұрғыны өзінің парызы мен міндеті екенін ұмытпаса игі.

Себебі, күл-қоқыс әрбір үйден күнде шығады. Осыған байланысты тұрғындарға айтарымыз үйден шыққан қоқысты, қалдықтарды тастайтын жерді білуіміз және сол тиісті орынға ұқыпты тастауымыз керек. "Тазалық – денсаулық кепілі” деп халқымыз бекер айтпаған. Тазалық жоқ жерде құт-береке де болмайды. Әр саналы азамат өзі тұратын қаланың, елді мекеннің таза, көрікті болуы үшін үлес қосуы керек. "Ауылына қарап, азаматын таны” деп осыдан айтылған емес пе?

Қаламыздың тазалығына тек көше сыпырушылар мен тазалық мекемелері ғана емес, тұрғындар да жауапты. Ал ұқыптылық алдымен адамның өзінен басталуы керек. Әрбір тұрғын туған қалаға ықыласы мен сүйіспеншілігін өзі тұратын ауладан бастаса тазалық таза аулада қалыптасады. Ал ұқыптылық көше сыпырушыларға ғана емес, тұрғындарға да ортақ. Өйткені тазалық бар жерде тәртіп пен реттілік болатыны анық құрметті тұрғындар.

Қайырымды қала таза болуы керек. Ал тазалық көп тазалаумен емес, тазалықты сақтаумен болмақ. Қайырымды болайық! Тазалықты сақтайық ағайын!

#Қайырымды_қала_Шымкент #Erlan Aitakhanov

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы