SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Текесу елді мекенінің тұрғындарына кәсіпкерлікті қолдау және мүлікті жария ету бойынша кезекті жиналысы өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жиналысқа төрағалық етуші:

Аудан әкімінің орынбасары: С.Ш.Нурманов

Жиналысқа қатысқандар:

«Ырыс» микроқаржы ұйымының несие сарапшысы: А.Иманәлі

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының  маманы: Г.Вероцкая

«Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қорының» мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңесшісі:  М.Ахметова

Жұмыспен қамту  орталығының бас мамандары: Ғ.Қарабаева, З.Джанабаева

Кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің басшысы: Н.Қаңлыбаев

Текесу елді мекенінің тұрғындары – 35 адам.

 

Жиналыс барысында:

С.Ш.Нурманов: «Ырыс» микроқаржы ұйымының және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарын таныстырып, «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасының тиімділігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мүлікті жария ету науқанының 2016 жылдың                                     31 желтоқсанына дейін созылғанын және заңда көрсетілген тиісті құжаттардың тізімін жинап, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратына тапсыруына және тегін жарияланатынын айтып өтті. «Мүлікті жария ету» - атты мәліметтік парақшалары таратылды.

Г.Вероцкая: Текесу елді мекені тұрғындарына микрокредит алу жайлы, тегін оқу қурстары және қызмет көрсету бойынша мәліметтер беріп, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету ортылығы» - атты мәліметтік парақшалары таратылды.

А.Иманәлі: «Агробизнес-2020», «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары туралы түсінік берілді. Сонымен қатар, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы бойынша несиелердің пайызы жайлы түсіндіріп өтті.

Ғ.Қарабаева, З.Джанабаева: Шымкент қаласы бойынша кедейшілік пен жұмыссыздықтың деңгейін төмендету шаралары туралы және тұрғындарды кәсіпкерлік бастамаға ынталандырып, несие алуға тарту мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ: Жайылым жерлерді кайдан алуға болады, ет өткізетін орындарды қалай табуға болады және несиені қай уақытқа дейін төлеуге болады?

«Ырыс» микроқаржы ұйымының несие сарапшысы А.Иманәлінің жауабы: Егер жайылым жерлері болмаса, әкімшілікке қарасты бос жатқан жерлерді сұрап, ет өткізетін орындарды тұрғындар өздері табады, яғни  базар және басқа орындар. Несиені ай сайын емес, 6 айда  1 рет төлеуге болатынын айтты.

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ:  Несие алу үшін  кепілге нені қояды және құжаттарды тапсырудың белгіленген мерзімі бола ма?

«Ырыс» микроқаржы ұйымының несие сарапшысы А.Иманәлінің жауабы: Несие алу үшін кез келген заңды тіркелген жылжымайтын  мүлікті  кепілге қоюға болады, құжаттарды тапсырудың шектелген мерзімі жоқ. Кез келген уақытта тапсыруға болады.

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ: Жер телімін жария етуге боладыма?

Аудан әкімінің орынбасары С.Ш.Нурмановтың жауабы: ҚР «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы 3 – бабының,                        5 - тармағына сәйкес, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ:  Текесу тұрғын алабында қашан аялдамалар орнатылады? Алдағы уақытта ауа-райы суытып                 жауын-шашын жауып тұрғындар қала орталығына қатынауға төбесі жабық аялдамасыз қиналудамыз. Ағымдағы жылы аялдама салып бере аласыздарма?

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ: Текесу тұрғын алабында жолдарымыз қашан жөнделіп, ретке келтіріледі? Сонымен қатар, тұрғындардың қала орталығына қатынайтын қоғамдық көліктер аз және олар уақытылы жүрмеуде. Осы мәселені қолға алып шешімін табуға бола ма?

Текесу елді мекенінің тұрғыны тарапынан сұрақ: Текесу тұрғын алабындағы №121 орта мектепте ұл, қыздарымыз білім алуда, алайда техниканың дамыған заманында мектепте компьютер тапшылығы орын алуда. Осы мәселені қолға алып шешуге бола ма?

Аудан әкімінің орынбасары С.Ш.Нурмановтың жауабы: Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлімдерге Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан ұсыныс хаттар жолданатын болады.

Сондай-ақ, т.с.с. сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы