SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Қала тазалығы – баршамызға ортақ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Басқа өңірден келушілер жасыл желекке көмкерілген қаламыздың көркіне сүйсініп, атына заты сай деп мақтап жататындығына сан рет куә болғанбыз. Өкінішке орай, бақылау қорытындысы бойынша соңғы уақытта қаланың тазалығы мен безендірілуі біршама төмендеп, кейбір шағынаудандарда санитарлық жағдайдың біршама әлсірегендігі байқалады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен қоғамдық орындарда санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Қала тазалығы – баршамызға ортақ!» тақырыбында жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе іс – шара жұмыстары ұйымдастырылуда.

      Игі бастамамыздың басты мақсаты – жастарға қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттерді болдырмау.

«Қала - баршамыздың ортақ үйі¬міз.Тазалық мәселесі қаламызда тұрып жатқан тұрғындардың барлығына қа¬тысты. Әр азаматты тазалыққа тәрбиелеу отбасынан басталуы тиіс. Аула тазалаушылардың  өздері тазалайды деген керағар пікірден аулақ болып, қолынан келетін шаруаны тындыра салғаннан ештеңесі кетпейді. Әрқайсысымыз өзіміз тұратын үй-жайдың айналасын таза ұстап, қалдықтарды шашпай, ұқыпты болсақ, қаламыздың таза әрі көрікті мекенге айнал¬уына үлес қосар едік.»  деп тазалықты сақтауға Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Тажибаев Марат атсалысуға шақырады.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы