SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында есебін берді!

Президент жарлығына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов аудан тұрғындары алдында 2019 жылы атқарған жұмыстары бойынша өз есебін баяндады. Есепті кездесу «Сәуле» шағынауданында орналасқан №129 ЖОМ-де өтіп жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы қатысты.

2019 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталған Ғабит Патшаханұлы өз баяндамасында халықпен тиімді кері байланыс орнату, әлеуметтік көмек және мемлекеттен берілетін жәрдемақылар, білім және денсаулық саласы, ауданға тартылған инвестиция көлемі, көшелерге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары, жарықтандыру мен инфрақұрылым мәселері бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жоспарлары бойынша мәлімдеді.

Аудан әкімінің есепті кездесуіне «Сәуле», «Откорм», «195 орам», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарының тұрғындары қатысып, әкімнің жұмысын жақсы деп бағалап, өзекті мәселелерді де ортаға салып тиісті жауаптарын алып жатты.

Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудан тұрғындары мен орам басқарушылары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қалалық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер, тиісті салалардың басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы