SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 Аудан тұрғындарының назарына

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Жаз айларында су айдындарында азаматтардың суға шомылу кезіндегі сақтық шараларын сақтамауы салдарынан түрлі оқыс оқиғаларға ұшырауы жиі орын алады. Айта кетсек: мезгілсіз уақытта және судың салқындығын ескерместен суға шомылып, суға түсу ережелерін сақтамағанан да қайғылы жағдайларға ұшырауда. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру, оған қоса жүзе білмейтіндігі салдарынан келеңсіз жағдайлар көптеп орын алуда.

Қазіргі таңда Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен аудандық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе арнайы іс-шара жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға сақтық іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, аудан тұрғындарының назарына, суға шомылар алдында қауіпсіздік шараларын сақтап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмай, суға түсуге тыйым салған жерлерге шомылмауларыңызды сұранамыз.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы