SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 ақпандағы «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2019 жылға арналған іс-шара» жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы «Қырғы базар» және «Арбат» демалыс аумағындағы ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты қызметкерлері және Әл-Фараби ауданы бойынша жергілікті полиция басқармасымен бірлесе кезекті іс-шара ұйымдастырылды.

Іс шара барысында, аталған мекенжайларда ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,30 хаттама толтырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы