SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Шымкент-қауіпсіз қала» жобасы аясында тәуліктік пәтер берушілер бойынша өткізілген іс-шара жұмыстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекованың бекіткен «2017-2018 жылдарға Шымкент қаласының бюджетінің түсім көздерін ұлғайту мақсатында уәкілетті органдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес және «Шымкент – қауіпсіз қала» жол картасы аясында жұмысшы топ құрылды. Аталған жұмысшы топтың қатысуымен яғни, Шымкент қаласының жергілікті полиция бөлімі, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы және Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен ағымдағы жылы 3 рет рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың 23 ақпанында өткізілген іс-шарада Т.Айбергенов және А.Жангельдин көшелерінің бойында кілт ұстап: «Маған кел, демалатын пәтер бар» - деп жағымсыз сөздер мен іс-әрекеттер жасау арқылы өздерінің заңсыз тәуліктік пәтерлері арқылы «көлеңкелі» бизнес аясында жүрген яғни, бейберекет орналасқан жалдамалы пәтер беретін кәсіпкерлерге Әл-Фараби аудандық кірістер басқармасына заңды түрде тіркелу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Салық төлеуші ретінде тіркелмеген 6 тұлғаға қатаң түрде ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы 1 бөлігі, 441 бабының 1 бөлігі бойынша шара көрілді және Өзбекстан Республикасының 2 азаматшасы Әл-Фараби ПБ-нің Көші қон полициясына заңды шара көру үшін баянатпен берілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетіндігін хабарламыз.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы