SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының тұрғыны Иржанова Бибісара Мұхамеджановнаның 100 жасқа толу мерейтойымен Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлы Қалжанов және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұқан Омарұлы Омаров құттықтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Бибісара Мұхамеджановна!

Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 100 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Ана – ұлағатты есім. Кез-келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.

Бибісара апа Сіз өзіңіздің өнегелі өміріңізде сыйластық пен достықтыңұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрімізді дәріптеп келе жатқан анасыз.

Шуақты шаңырағыңыздың алтын діңгегі – өмірлік қосағыңызбен 3 ұл, 5 қызды тәрбиелеп, Өзіңіздің бойыңызға біткен бар асыл қасиеттеріңіз бен өміріңізді перзенттеріңізге арнадыңыз.

«Қарттары бар ел – қазынасы бар ел» деген сөз бар дана халқымызда.

Бүгінде «Балаларым байлығым»-деп, 19 немере, 19 шөбере, 2 шөпшектің аяулы әжесі атанып, немере-шөберелеріңіздің қуанышы мен шаттығына бөленіп отырсыз.

Сіз1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында тылда еңбек етіп, еліміздің Ұлы Жеңіске жетуіне өз үлесіңізді қостыңыз.Саналы ұрпақ тәрбиелеуде еңбегіңіз жанып, «Ардақты ана» және бірнеше медальдармен марапатталдыңыз

Қадірлі Бибісара Мұхамеджановна

 

Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыттілеймін.

Лайым жүзіңіз шуақты, көңіліңіз мерекелі, өміріңіз берекелі болғай- деп  Әл-Фараби ауданы әкімі Б.А.Қалжанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.О.Омаров ізгі тілегін білдіріп, сый-сыяпаттарын табыстады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы