SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Бүгін «Shymkent Plaza» ойын - сауық орталығында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және жомарт жандардың демеушілік көрсетуімен аудандағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, аз қамтылған отбасы және көп балалы отбасы балаларына арналып жаңа жылдық шырша кеші өтті.

Іс-шарада балғындар аяз ата мен ақша қарды көріп, сыйлық алып қуанышқа бөленді. Осылайша, игі іске бастамашы болған азаматтар қамкөңіл жандардың арман-тілектерін орындауға азда болса үлес қосты. Әрине, жылдың ең басты мерекесін бүлдіршіндер асыға тосатыны белгілі.

Жаңа жылдық шырша кешінде 70 балаға тәтті кәмпиттер мен сыйлықтар таратылып, «Cinemax» кино залынан балаларға арналған арнайы мультфильм көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу, олардың бойына өмірге деген құштарлық нәрін себу.

Жаңа жыл шыршасына аудан тұрғындары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

 

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы