SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 13 қарашадағы № 400-V Заңына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында мүлікті жария ету науқаны жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мүлікті жария ету үшін комиссияға келесі құжаттар ұсынылуы қажет;

 

1)   Өтініш (2 дана);

 

2)   Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, (түп нұсқасын көрсете отырып);

 

3)   Тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама;

 

4)   Ғимараттар мен құрылыстарды объектінің құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігіне техникалық тексеруді жүзеге асыратын аттестатталған сарапшының қорытындысы;

 

5)   Мүлікке құқық белгілейтін құжатардың нотариат куәландырған көшірмесін;

 

6)   Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспорты;

 

7)   Мемлекеттік актінің көшірмесі.

 

Қосымша ақпарат алу : Мүлікті жария ету жөнінде туындаған барлық сұрақтарға Әл-Фараби ауданы жанынан құрылған мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияның хатшысы, Монанов Бауыржан жауап беріп отыр.

Әл-Фараби ауданында мүлікті жария ету бойынша байланыс  сымтетігі: 53-28-92.

 

Мүлікті жария ету жөніндегі

Әл-Фараби аудандық комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы