SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ш,Қалдаяқов атыңдағы облыстық филармонияда «1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ» атты мерекелік іс-шарасы өтті.

 

     Салтанатты жиында аудан әкімі Ғ.П.Мауленқұлов аудан тұрғындарын тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Мемлекетіміздің өркендеуі мен гүлденуі жолындағы Елбасымыздың атқарған еңбегі өлшеусіз. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік-экономикалық өрлеуі, халықаралық және өңірлік бағдарламалар аясындағы жемісті қызметі, күн өткен сайын әлемдік ауқымда артып келе жатқан абыройы ең алдымен Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазақстан қоғамы тәуелсіздік алған жылдар ішінде дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. Еліміздің бүгінге шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі Ұлт көшбасшысының салиқалы да, сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асуда – деп, өз құттықтауын жеткізді.

Аудан әкімі, ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы