SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының фронт-кеңсесі ашылды. Кеңсенің басты мақсаты сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Кеңсенің ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов пен қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты. Сонымен қатар қалалық сот төрағасы, қалалық және аудандық соттардың судьялары, прокурорлар мен адвокаттар, медиаторлар мен құзырлы мекеме өкілдері қатысты. Жаңа кеңсе мемлекеттік қызметтің заманауи стандарттарына сай келетін технологиялармен жарақтандырылған. Фронт-кеңсе ішінде медиаторлар мен адвокаттар кабинеттері де орналасқан.

Халықтың әуре сарсаңға түсуін алдын алу үшін, сотқа келетін әрбір адам фронт-кеңсеге қажет қажаттарды ұсынып, адвокаттар мен медиаторлар кеңесінде осы жерден ала алады.

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы