SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

Әл-Фараби ауданы аумағында келесі жылыту

маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Әл-Фараби ауданы әкімі Ғ.Мәуленқұловтың тапсырмасына сәйкес, аудан тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданға қарасты көпқабатты үйлерде қысқы маусымға дайындық жұмыстары  жүргізілуде.

        Қазіргі таңда, қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары бойынша Республика даңғылы №25, №27, №29 көпқабатты үй тұрғындарына  сервистік мекемемен келісім-шартқа тұру бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында аудан әкімі аппаратының қызметкерлері тұрғындарға сервистік мекеменің атқаратын жұмыстармен таныстырып өтті.

Атап айтқанда, ауданда 9 сервистік мекеме жұмыс атқарады. Олардың қызмет түрлері, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс алаңын және ауласын санитарлық тазалау, жертөледегі инженерлік құбырларға қызмет көрсету. Яғни, көпқабатты тұрғын үйді қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу. Кіреберіс алаңдарын және ойын элементтерін әрлеу, сырлау жұмыстарын атқаруда.

Аудан тұрғындарының назарына! көпқабатты тұрғын үйге сервистік қызмет көрсетуші мекеме қажет болған жағдайда, 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мекен-жайға байланысты мәлімет алуға болатындығын жеткіземіз.

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы