SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

       «Халықтар достығы университетінде» ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінде»  Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, ҚР Парламентіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Мансұрхан Махамбетұлы Махамбетов және Әл-Фараби ауданының әкімі  Ғ. Мәуленқұловтың қатысуымен ҚИПХДУ-нің басшылығымен және оқытушылар, студенттер құрамымен   кездесу өтті.

 Кездесу барысында Мансұрхан Махамбетұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша жолдаудың 6 бағыты туралы баяндама жасап, жолдаудың негізі тармақтарына яғни қолжетімді тұрғын үй мәселесі, оқытышулардың мәртебесі, құқық қорғау органдарындағы өзгерістер, жалақы мәселесі және жолдауда айтылған  әлеуметтік-экономикалық мәселелер, жастар жылы деп жариялаудың мағынасына  тоқталып өз ойын ортаға салып, Елбасы Жолдауының басымдықтарын нәтижелі жүзеге асыру жан-жақты талқыланып, халық қалаулысы жиналған жұртты елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы