SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үй басқарушылар күні өткізілді»

 

Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй, орам және көше басқарушыларымен дәстүрге сай «Үй басқарушылар күні» өткізілген болатын. Аталған «Үй басқарушылар күні» кездесуде тұрғындардан түрлі мәселелер бойынша өтініштер түсіп, аудан әкімінің бақылауына алынған болатын.

Осыған сәйкес, бүгін яғни, 28.02.2019 жылы аудан әкімі Ғабит Патшаханұлы өткен жиыннан бері атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасап, ауданның барлық сала бойынша ілгерілеуі, жоспарланған іс-шаралардың орындалғаны және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар туралы үй басқарушыларына кеңінен таныстырды.

Сонымен қатар, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде айтқан, яғни халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шаралардың, алдағы уақытта атқарылуы бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы