SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Ұлы Отан соғыс ардагерінің 90-жастық

мерейтойымен құттықтау сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен және Аймақтық әлдеуметтік инновациялық университет басшыларының демеушілігімен ауданда тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Шевченко Валентина Павловна 90-жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Әжеміз 1926 жылы 23 ақпанда дүниеге келген, Воронеж облысының емханасында 1946 жылдың  27 маусымына дейін қызмет жасаған. 1953 жылы КАЗХТИ көлік комбинатында бөлім басшысы болған. «Отчественной войны» медалімен, «За победу над Германией» және тағы да басқа көп медальдармен марапатталған. Әжемізге сый-сыйапат табысталып, жылы сөздер мен тілектер айтылды.

Соғыстың салған жарасы, боздақтардың қыршын қиылуымен келген-бұл Жеңістің дәмі зор. Уақыт алға жылжып сырғыған сайын, тірі тарихи батырларымыздың қатарлары күн санап кеміп, арамыздан азайып бара жатыр. Оларға қандай да қолдау, көмек көрсетсек те артық болмайтындығы барлығымызға мәлім. Сондықтан да тарих куәгерлері мен батырларын қолда барда қадірлейік!

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы