SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 «Жаңа жыл» мерекесі

 

Құрметті Әл-Фараби ауданының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Осы тұрғыда жаңа жыл ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!

Біз осынау бүкілхалықтық мереке үстінде Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының арқасында қол жеткізген табыстарымызды үлкен мақтанышпен айтамыз.

Осы орайда, өткен жыл еліміз үшін оның шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан, серпінді жобалардың орындалуымен аса құнды жыл болды.

Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай! Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын, Еліміз аман, іргеміз бүтін, жеріміз тыныш болып, қасиетті Отанымыз өркендей берсін!

Жаңа жыл құтты болсын!

 

Ізгі ниетпен,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі

 

Құрметті аналар мен апа-қарындастар!

Сіздерді "8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен" шын жүректен құттықтаймын! Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аналар мерекесі өмірге нәр мен шуақ беретін, әр отбасына көтеріңкі көңіл мен үміт ұялатып, бақыт пен қуаныш сыйлайтын айрықша күн. Ал, әйел- аналар қандай қиындық болса да қайыспай жеңе білетін табандылықтың, мейірім мен ізгіліктің, сұлулық пен адалдықтың, нәзіктік пен қайсарлықтың символы.Тәуелсіз елімізде оның ішінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында әйел-аналардың, қырмызы қыздарымыздың күш-жігерімен атқарылмайтын жұмыстар кемде-кем. Әйелдер барлық аудандық салаларда еңбек етіп, аудан экономикасын дамытуға елеулі үлестерін қосуда. Сіздер адал жар, қамқор ана, сенімді дос ғана емес, сонымен бірге жақсы басшы, білікті маман, іскер ұйымдастырушы болып, заман талабына сай қызмет атқарып жүрсіздер.Ортақ мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, ғұмырларыңыз ұзақ та бақытты болсын!

 

Ізгі ниетпен

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мауленкулов

 

 

22-наурыз «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз» мерекесі

Қадірлі ағайын!

Құрметті бауырлар!

Сіздерді бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы көктемнің тамылжыған жайдары күндерімен бірге келген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мереке – ежелден халқымыздың берекесі мен бірлігіне, бір-біріне деген риясыз тазалығына, татулығы мен ынтымақ-ықыласына арқау болып, шаттық пен қуанышқа кенелткен ұлы мереке. Бұл күн жер-дүниенің бусанып, жан-жануарлар төлдеп, адамзат баласының аузы аққа тиетін күні.

Наурыз - мейірімділік, қайырымдылық мерекесі. Өйткені атамыз қазақ білек біріктіріп, бір-біріне дем беру арқылы басынан өткен қиыншылықтарды жеңіп отырған. Күллі тіршілік атаулыға нәр беретін шуақты шақ – көктемде келетін осы айтулы мейрамның талай ұлт пен ұлысқа ыстық ұя болған еліміз үшін алатын орны ерекше.

Наурыз мерекесінің қадір –қасиетін айтқанда, ол –ең алдымен ұлттық салт – дәстүрді сақтауға, ағайынның ауызбірлігіне қызмет етеді.

Дастархан басында Наурыз көжеден ауыз тиіп, ақ тілек айтудан басталады.

Шығыс күнтізбесі бойынша, Наурыз мейрамында, жаңа жылдың алғашқы күні тілеген ақ тілекте ерекше күш –қуат, шынайы сезім болады. Бұл күнгі тілекті Тәңір қолдайды, дейді.

Атадан қалған ұлттық аманат –тәуелсіз елімізді көркейтуге үлес қосу болып табылады.

Атадан қалған асыл сөз – Бірлігі жарасқан елдің жұлдызы биік болады, деген қасиетті ұғымнан тарап жатады.

Бұл мереке –біздің ұлттық рухымызды көтереді.

Салт – дәстүрімізді жаңғыртады.

Халқымыздың достығын нығайтады.

Көктемгі жаңару мерекесінде ауылды күтіп, баптап, қалаларды көркейту, абаттандыру секілді жұмыстармен мәнді болады.

Мұндайда халқымыз: «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал отырғыз» деп айтады.

Наурыз мерекесі, әсіресе, ел Тәуелсіздігімен бірге жаңарып, жаңаша тойланып келеді.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жасампаз істер бүгінгі жақсы өмірді одан әрі жақсарта түсуге ықпал ететін болады.

Келешегіне нық сенімі бар елге бақ қонып, қыдыр дариды.

Ырыс-берекенің бастауы болған бұл мерекені аудан тұрғындары да лайықты табыстармен қарсы алып, алдағы жылға зор үміт пен сенімдерін артып отыр.

Баршанызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, шанырақтарыңызға құт-береке, ырыс пен молшылық әкелсін дегім келеді. Әз-Наурыз құтты болсын!

 

Құрметпен! Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мауленкулов

 

 

1-мамыр «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесі

 

Құрметті аудан тұрғындары мен қадірлі қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Егемен елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтарының бірлігі жарасқан мереке қарсаңында Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ашық аспан, елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс, отбастарыңызға аманшылық пен шаттық тілеймін! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен ынтымақтастығы одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Береке-бірлігіміз артып, ынтымақ бірлігіміз мәңгі жасай берсін!

 

Ізгі ниетпен,

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

7-мамыр «Отан қорғаушылар күні» мерекесі

 

Құрметті ардагерлер, аудан тұрғындары мен қонақтары! Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Сонау ықылым заманнан бері-ақ ата-бабаларымыз қасиетті жерімізді кие тұтып, ат үстінде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен дархан далаға дұшпан табанын дарытпай, қорғап келді. Сол жанқиярлықтың арқасында Алатаудан Арқаға дейін, Алтайдан Атырауға дейін қанатын жайып жатқан қазақ жерін сақтап қалып, аталар ісін алға апаратын ұлтжанды, отансүйгіш, дархан мінезді, пейілі кең, иманжүзді, жүрегіне мейірім ұялаған адал ұрпақ өсіп келеді.

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары еліміздің шекарасын айқындап, түпқазығын қақтық, іргемізді бекіттік. Сол шекарамыздың бекемдігі, аспанымыздың ашық болуы, ел бақытының баянды болуы-Отан қорғаушылар қолында екені бәрімізге белгілі, келер ұрпақтың еншісі екені анық. Тәуелсіздігіміздің тірегі бекем, тұғыры биік болуы үшін жас ұрпақты білімді де саналы етіп өсіру-алдыңғы буын ағаларға-парыз.

Сіздерге тілейтініміз дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге табыс, елімізге бейбітшілік пен болашаққа деген сенімділік! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Құрметпен тілек білдіруші

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов

 

 

9-мамыр «Ұлы жеңіс күні» мерекесі

 

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіремін! Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 74 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды.

Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді. Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.

Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

 

Құрметпен тілек білдіруші Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов

 

 

«Ораза айт» мерекесі

 

Қадірменді мұсылман бауырлар, құрметті жерлестер!

Сіздерді әлемнің барша мұсылмандарының ұлық мерекесі - Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күндері исі мұсылман баласы Алла Тағалаға сыйынып, ел тыныштығы мен халық бірлігін, отбасының амандығын тілейді, жетім-жесірлерге, жоқ-жітікке мейірбандылық көрсетеді, бір-біріне ізгі тілектер жолдап, адам баласын имандылыққа шақырады.

Дін тірегі имандылық. Ал имандылық әр адамды тек жақсы, ізгі қасиеттерге тәрбиелейді. Әділет-парасат жолымен ғана жүруге үндейді.

Біздің азаматтарымыз өздері таңдаған дінді уағыздап, өздерінің туған тілінде сөйлеп, мәдениеті мен салт дәстүрлерін сақтауда. Мұның бәрі, сөз жоқ, біздің мемлеке-тімізде адамның құқықтары мен бостандықтарына, наным мен сенім еркіндігіне кепілдік беретін демократиялық қағидаттардың беріктігінің куәсі.

Елімізде сүттей ұйыған конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан және тән тазалығын ғана уағыздайтын әрі қазақстандықтар басым көпшілігі ұсынатын басты конфессия ислам дінінің қосып отырған үлесі зор.

Тек тазалық пен жүректің жаратушысына деген пәктігінен тұратын, қай кезде де қаймағы бұзылмаған Ислам дінінің діңгегі берік болып, ұрпағымыз үшін, ұлтымыз үшін, ұлы дінге айналары хақ.

Қадірменді бауырлар! Алла Тағала баршамызға береке-бірлік, әр шаңыраққа ынтымақ пен бейбіт, берекелі өмір сыйласын.

Ораза айт құтты болсын! Ізгі ниеттеріңізге нұр жаусын!

 

Ізгі ниетпен, Әл-Фараби ауданының әкімі

Ғ.Мәуленқұлов

 

19-маусым «Шымкент қала күні»

 

Құрметті Шымкеттіктер мен қала қонақтары!

Сіздерді Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар мегаполис қала болып құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын!

Шымкент - Ұлы Жібек жолының бойындағы тарихы мен тамыры тым тереңде жатқан шахарлардың бірі. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін өңірдің бас қаласы. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан тұғырлы қала. Қаламыздың тарихы қайта зерттеліп, тың деректермен толысуда.

2018 жылы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев Шымкент қаласын еліміздегі үшінші мегаполис болуы туралы жарлыққа қол қойды. Шымкент қаласы мегаполис мәртебесін иемденіп, дамудың жаңа сатысына көшті.

Міне, осы бір жыл ішінде қалада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аумағы ұлғайып халық саны өсуде. Сонымен қатар, қалаға шетелдік инвесторлар қызығушылық танытып, жаңа инвестиция көздері көптеп тартылуда. Заманға сай жаңа ғимараттар мен жұмыс көздері ашылуда. Бұл мақсатта алдымызда мемлекетіміз бен туған қаламыз үшін маңызды, жауапкершілігі мол, орындалуы тиіс қомақты істер, айқын міндеттер тұр.

Осындай тарихы терең қаламыздың төл мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, сәттілктер тілейміз.

Қаламыздың сәулеті мен дәулеті арта түсіп, өркендеп, әрбір отбасының өміріне қуаныш пен жақсылық сыйлай берсін!

 

Ізгі тілекпен

Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов

 

 

 

23-маусым «Мемлекеттік қызметші күні»

 

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкер күнімен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Қала мен Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады.

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін!

 

Ізгі ниетпен Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

28 маусым «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі»

 

Қымбатты бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлері!

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының атынан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Сіздер - жергілікті басылымдар мен телеарналар қызметкерлерінен бастап, Қазақстанның әрбір елді мекеніндегі байланысшылар мен пошташылар ел игілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Бүгінде біз жаһандық даму көшінен қалмай төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Дос-жараннан, туған-туыстан, ағайыннан жылдам хабар алғызып, алысты жақындатып отырған да - сіздер.

Осынау мерейлі мерекеде Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік, отбасыларыңыз бен жақын-жуықтарыңызға жақсылық тілеймін!

 

Ізгі ниетпен Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

30-тамыз «Қазақстан Республикасының конституция күні»

 

Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі - Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің ата заңы «Біз ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген қастерлі ұғыммен басталады.

Конституциямыз – қабылданған күннен бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Біз Ата заңға сүйене отырып қазақ мемлекетінің іргесін бекіттік, дамудың даңғылына түстік.

Осынау мемлекет мәртебесін айшықтайтын айтулы күні баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел болашағы, халық игілігі жолындағы істеріңіз оңды болсын. Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін!

 

Құрметпен тілек білдіруші Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

1-қыркүйек «Білім күні» мерекесі

 

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар мен ата-аналар!

Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – 1 қыркүйек Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Бұл мереке кейбір азаматтардың мектеп қабырғасын, колледж және жоғары оқу орындарына барған күндерін еске түсірумен сипат алса, жас мұғалімдердің алғашқы жұмыс күні әсері мен толғанысын айғақтайтын ұмытылмас сәттерімен есте қалады. Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге, әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.

Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім - білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет.

Санасы бүтін салауатты жас ұрпақтың болашағы мектеп табалдырығынан басталатыны анық. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші келешегіміздің кемел, алдағы асар асуларымыздың айқын болуы бүлдіршіндеріміздің өздеріне керекті білім дәрежесін лайықты алып шығуына байланысты.

Аудан аумағында жалпы 25 мектеп, 57 балабақша, 10 жоғарғы оқу орны, 16 арнаулы оқу орындары(колледж) орналасқан. Барлық ұлағатты ұстаздарды 1-қыркүйек Білім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Мектепке жаңа қадам басқан жас балғындардың келешектері кемел, болашақтары нұрлы болсын! Биік белестерге жетіп, білімнің заңғар шыңынан ешқашанда түспеңіздер. Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктер мен жаңа бастамаларға жетіп, жұмыстарыңызға шығармашылық табыс пен сәттілік тілеймін.

 

Ізгі ниетпен: Шымкент қаласы

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов

 

 

11-қыркүйек «Отбасы күні» мерекесі

 

Отан отбасыдан басталады!

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отбасы – ел қоғамының алтын діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі.

Өзің туған қасиетті мекенді қастерлеу, үлкенге құрмет және қонақжайлылық сияқты халқымыздың ең жақсы рухани-адамгершілік құндылықтары берік отбасылық дәстүрлер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Аталған мерекенің барлығымыз үшін маңызы ерекше. Қоғамымызда үлгісі мен өнегесі мол мерейлі отбасылар қатары ұлғайса, еліміздің мәртебесінің де үстем болары анық.

Мереке қарсаңында еліміздің барлық отбасыларына зор денсаулық, бақыт пен береке тілеймін.

Ізгі ниетпен:

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов

 

 

 «Ұстаздар күні» мерекесі

 

Құрметті ұстаздар!

Мұғалімдер күні қарсаңында, сүйікті ұстаздарымызды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. Қоғамның басты байлығы – адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» - дейді дана Абай.

Сіздер беретін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Бүгінде білім деңгейі өскен мемелекет қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Бұл деген, Ұстаз – болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады деген сөз.

Ендеше, білім жүйесін өркендету жолында, еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шікірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да, қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!

 

Ізгі ниетпен, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. П. Мәуленқұлов

 

 

1-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күні» мерекесі

 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.

Қазақстан қоғамы тәуелсіздік алған жылдар ішінде дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. Елбасымыздың халық игілігін көздеген сарабдал саясатының арқасында - халықтың әл-ауқатын нығайып, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында сенімді түрде алға жылжып келеміз.

Бүгiнде Президентіміздің арқасында Қазақстан әлемге ядролық қарудан бас тартқан абыройлы мемлекет және ұлтаралық, конфессияаралық толеранттылықтың бiрегей нұсқасын құрған, қоғамдық келiсiм мен ел бiрлiгiнiң басты байлығы мен игiлiгi болып табылатын бейбiт ел ретінде танылды.

Елі еріне, ері еліне сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. П. Мәуленқұлов

 

 

6-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Прокуратура күні» мерекесі

 

Құрметті прокуратура органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Прокуратура күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді.

Осындай мерекелі күні Сіздерге адам өміріне қатысты мәселелерді шешу кезінде батылдық пен қайсарлығыңыз үшін алғысымызды білдіріп, Сіздерге адалдық пен шыдамдылық, қажымас қайрат пен талмас қанат, жұмысыңызға табыс тілейміз!

Жақындарыңызға ырыс-береке, бақыт пен қуаныш тілеймін!

 

Ізгі ниетпен!

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов

 

 

16-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесі

Құрметті жерлестер, қадірлі ағайын!

Сіздерді ұлық мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің арманы бұдан 28 жыл бұрын орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті.

Тәуелсіздік сан тарихты бастан өткеріп, бойдағы тектілік пен тағдыр жазуының арқасында бүгінге жеткен Қазақстан халқының басына қонған қастерлі бақ. Қол жеткен жетістікті ұстап тұру, оны жаңа белестерге шығару қыруар қажыр-қайрат пен үлкен білімді қажет етеді. Тәуелсіз еліміздің жиырма сегіз жылда аяғынан тік тұрып, өзгелермен терезесі тең мемлекет ретінде қалыптасуы Елбасымыздың салиқалы саясаты мен ел азаматтарының жұмыла еңбек етуінің нәтижесі.

Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін.

Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер!

Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекеттігіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Мереке құтты болсын, ағайын!

 

Ізгі ниетпен,

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі

Ғ. П. Мәуленқұлов

 

 

Copyright © 2020 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы