SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі

жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандарты

 

 

 

 

1.     Жалпы ережелер

 

 

 

 

  1. «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

 

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Еңбек, әлеуметтік қорғаужәне көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

 

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

 

  1) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамуминистрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);    2) бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі

жәрдемақылардытағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

 

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

-------->   Файылды толығымен жүктеу

 

 

 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10124 тіркелді

• Мәтін

• Ресми жарияланым

• Ақпарат

• Өзгерістер тарихы

• Сілтемелер

• Екі тілде

• Көшіру

• Қағазға шығару

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      РҚАО-ның ескертпесі!

      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 757 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

-------->   Файылды толығымен жүктеу

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы