SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

ҚАЛА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

 

Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс орталығы Шымкент қаласы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан.

 

 Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллионға жуық халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие.

Қала аумағы - 300 шаршы шақырым жерді құрайды

Халқының саны -627,5 мың адам

 

 

Индустриалды-экономикалық профилі

 

2011 жылы қалада 353 өндірістік кәсіпорындар тіркелген.

Оның ішінде:

- ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындар саны – 74;

- шағын кәсіпорындар – 243;

- қосалқы кәсіпорындар - 36.

Өнеркәсіп кәсіпорындармен – 150,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2010 жылмен салыстырғанда 100,5 пайызды құрады. Оның ішінде:Кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында 1,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өнімнің нақты көлем индексі 12,2 пайызға өсті.

Өңдеу өнеркәсібі бойынша 126,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Оның ішінде келесі өнімдерді өндеу көлемі өскен: ет өнімдері – 79,5 пайызға, жеміс, көкөніс шырыны – 9,9 пайызға, өңделген сұйық сүт - 47,0 пайызға, басқа да сүт өнімдер - 4,6 есеге, бидай ұны - 5,4 пайызға, нан - 13,2 пайызға, макарон өнімдері - 12,6 пайызға, шәй - 57,5 пайызға, минералды және газды сулар - 15,8 пайызға, сусындар - 7,7 пайызға, мұнай өнімдері - 1,8 пайызға, сабын өнімі - 43,9 пайызға, резенке және пластмасс - 37,1 пайызға, құрылыс кірпіштер - 38,4 пайызға, тауарлық бетон - 17,4 пайызға, өңделмеген қорғасын - 4,8 есеге, жиһаз өнімі - 1,0 пайызға көбейген. Қаладағы тоқтап тұрған 11 кәсіпорынды іске қосу бойынша 2 жиналыс ұйымдасытырылып, кәсіпорындармен екі жақты іс-шаралар жоспары бекітіліп, нәтижесінде:

- «Эластик» АҚ және «Карданвал» АҚ іске қосылды;

- «Казфосфат» ШФ ЖШС негізгі қызметін іске қосу мәселесі кәсіпорынның даму жоспарында қаралған. Бүгінгі таңда мекеме индустриалды аймақтағы кәсіпорындарға электр энергияны жеткізумен айналысып, кәсіпорын іске қосылды;

- «Бестерек» ЖШС өндірісті іске қосу бойынша айналым қаражаттарын ісздестіруде, сонымен қатар, кәсіпорын негізгі қызмет түрінен басқа қызметтер көрсетумен айналысуда. Кәсіпорын іске қосылды;

- «Автоматика» ШБ АҚ қатысты Алматы қаласында орналасқан бас мекемеге және оның құрылымдық бөлімшелеріне Алматы қаласының арнайы ауданаралық экономикалық соттың шешіміне сәйкес 3 жылдық реабилитация (сауықтыру) процесіне өтті;

- «Ютекс» АҚ «Меланж» АҚ кәсіпорынның өндірісін іске қосу бойынша ҚР дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы аясында 1 кезеннен өтіп, 2 кезеннен өту үшін құжаттар дайынду жұмыстары жүргізілуде. 2012 жылы кәсіпорынның өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр;

- «Шымкенттік тері аяқ киім зауыты» ЖШС-гі «Казкомерцбанк» АҚ алдындағы қарызын жабу бойынша банкпен бірлесе негізгі құрал жабдықты және жер телімдерін сату жұмыстарын жүргізуде;

- «Ақ Маржан-2030» ЖШС заңды мекен жайы Шымкент қаласында орналасқан, ал кәсіпорынның өндірістік кешені Сарыағаш ауданында орналасып, салық төлемдері Сарыағаш ауданының салық басқармасына төленуде. Тоқтап тұрған кәсіпорындардың тізімінен алып тастау туралы хат ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жолданды;

- «Асбоцемконструкция» АҚ-мы қаланың жер қатынастары бөлімі алдындағы өз міндеттемелерін (жер телімін сатып алу-сату келісім-шарт 26,6 млн.тенге) орындау мерзімін ұзартуға ықпал беру туралы хатқа сәйкес Шымкент қаласы әкімдіктің тарапынан келісім шарттың мерзімі ұзартылды. Сонымен қатар, кәсіпорын «RBK BANK» АҚ-мы арқылы 300,0 млн.теңге қаржы алу жұмыстарын жүргіуде. Өндірісті іске қосу 2012 жылы наурыз-қараша айларында жоспарланған;

- «Южполиметалл» ӨК» АҚ қала сыртына көшіру мәселелері қаралуда. Сонымен қатар, 2011 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, «Казахмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Южполиметалл» ӨК» АҚ, «A-Mega Trading» ЖШС және «A-Mega Trading» ЖШС-нің кәсіподақ бірлестігі арасында кәсіпорынның қызметін 2012 жылдың соңына дейін создыру туралы өз-ара ынтымақтастық Меморандумға қол қойылды.

2011 жылы индустриаландыру картасына енген 12 жобалардың ішінен 4,7 млрд.теңгені құрайтын 10 кәсіпорын іске қосылып, нәтижесінде 521 жаңа жұмыс орындар ашылды, оның ішінде:

- «Агрофос Юг» ЖШС (жылына 37,9 мың.тонна минералдық тыңайтқыштар өндірісі);

- «Комби строй-1» ЖШС (жылына 200 тонна көкөніс жылыжай шаруашылығы);

- «MaxLightCroup» ЖШС (жылына 5,0 млн.дана энергия үнемдегіш лампалардың өндірісі);

- «Феррум Фтор» ЖШС (жылына 3 мың.тонна сұйық шыны өндірісі);

- «Zero Max KZ» ЖШС (жылына 380 га жылыжайларға арналған мырышталған құбырлар өндірісі);

- «АБД сервис» ЖШС (жылына 38,5 мың.дана ағаштан жасалған бұйымдардың өндірісі);

- «А.Р.Т. Құрылыс» ЖШС (жылына 200,0 мың.куб.метр құрылысқа арналған темір бетон өндірісі);

- «Есжанов Бахдат» ЖК (профнастил және металлочерепича өндірісі);

- «Керемет центр» ЖШС (жылына 4 мың тонна көкөңіс сақтайтын қойма);

- «ARMS» ЖШС (жылына 50,0 мың.тонна инерттік және құрылыс материалдардың өндірісі);

Экономикалық тиімділіктің төмен болуына байланысты өңірлік картадан 2 жоба алынды («ARMS» ЖШС, «Юг-Фс» ЖШС), сонымен қатар 1 жобаны («Нұран» ЖШС) 2011 жылдан 2012 жылдың 2-ші жартыжылдығына ауыстырылды.

 

Шымкент - ерекше энергетика қаласы

 

Оңтүстік Қазақстан зерттеушілерінің ойынша, Шымкентте отырықшылар ХІ-ХІІ ғ. пайда болған. Бірақ соңғы археологиялық деректер бойынша, Шымкентке VI-VII ғ. адамдар өмір сүрген деген негізді көрсетеді. Парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али «Зафар Наме» кітабында Шымкент қала ретінде 1425 жылдары пайда болып, Ұлы Жібек жолымен қиылысқан. Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Шымкент - тарихи- мәдени қонақжайлық және индустриялық инфрақұрылымы туристік демалушылар үшін қызықтыратын аймақ болып қала бермек. Шымкенттің орталығында Ескі қалашық сақталып қалған, ол тек ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің, тарихшылардың, тіпті туристердің де қызығушылығын тудыруда. Ілгеріде түсірілген суреттердегі қала қазір ешкімнің жадында емес.

 

 

Ең ірі мұражай – облыстық тарихи -өлкетану мұражайы. Онда автордың шағармашылық орны көрсетілетін көркем сурет галереясы қызмет атқарады. Қазіргі таңда қала көлемі жағынан да өсу үстінде. Осыдан он жыл бұрын 400 мыңға жетер-жетпес халқы бар Шымкентте бүгінде шамамен 700 мыңға жуық халық өмір сүреді. Аймақ өзінің көп ұлттылығымен мемлекеттің бір бөлігі болып табылады. Онда бір-бірімен көршілес және жүзден астам ұлттардың мәдени-дәстүрі байытылған. Ойын-сауық түнгі клуб, боулинг, қалалық саябақ, заманауи ойын-сауық орталықтары - Шымкент өмірінің ойын-сауықтармен айналысатын атрибуты. Демалыс аймағы болып өзінің керемет бағалы және керемет тұқымды талдар коллекциясымен ерекшеленетін дендро саябағы, республикада екінші орынды иеленетін - зообақ, ипподром және оған іргелес жатқан экологиялық таза байыту аумағы және «Тұлпар», ойын-сауық оазис көлі, «Кең-баба»этникалық саябағы қызмет көрсетеді. Ат жарыстары - Қазақстанның ұлттық мақтанышы. Ең қызығы бұл ұлттық ойын түрі Шымкент ипподромында өтеді.

 

 Ақпаратты дайындауда ҚР ТжСМ туризм индустриясы Комитеті ресми сайтының мәліметтері пайдаланылды.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы