SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

Жиі қойылатын сұрақтар

 

 

1. «Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін   өтініш нысанын және қажетті құжаттардың тізімі?

Бағдарламаға қатысу үшін мынадай құжаттар қажет

Баланың туу туралы куәлігі;

Жұмыссыз екенін растайтын құжат;

Еңбек кітапшасы;

Отбасының әр мүшесін растайтын мекенжай анықтамасы.

Біздің мекен- жайымыз Шымкент қаласы Жангелдин көшесі 13 а.

 

2. «Алтын алқа» (7 бала және одан да көп), «Күміс алқа» (6 бала) белгілерін алу үшін Аудандық бөліміне ұсынылуға қажетті құжаттар тізбесі:

1. Ананың жеке куәлігі;

2. Ананың ордендік кітапшасы;

3. Мекенжай анықтамасы;

4. Ананың неке қию туралы куәлігі;

5. 16 жасқа толған барлық балалардың жеке куәліктері;

6. Барлық бала-шағалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері;

7. Әрбір балаға тұрғын орнынан анықтама (жұмыс орнынан, мектептен, тұрған жерінен және сол сияқты);

8. Егер қыз баланың фамилиясы ауысқан болса, онда оның неке қию туралы куәлігі.

Барлық құжаттар тұпнұсқасымен және көшірмесімен бірге ұсынылады.

 

3. 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға қажетті құжаттар тізімі.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен формадағы өтініш;

2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. Отбасының тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

5. Отбасы құрамы туралы мәлімет (балаларға және оларды күту бойынша жәрдемақы үшін);

6. Отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет (балалар жәрдемақысы үшін).

 

Сұрақ:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы

 

Жауап: Қазақстан Республикасының Елтаңбасы ескі үлгідегі (ҚР СТ 989-2008) «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» ұлттық стандартының қолданысы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап тоқтатылады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Елтаңбасы жаңа үлгідегі ҚР СТ 989-2014 Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына өзгеріс енгізілгенін хабарлаймыз.

 

Сұрақ:  Нысанның маңдайшаларындағы атаулары мен жарнамалары

 

Жауап: Аудан аумағында орналасқан мекемелер мен кәсіпкерлік нысандардың жарнамалары мен маңдайшалардағы атаулары, көрнекі ақпарат мәтіндері Қзаақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының 19 және 21 баптарының талаптарына сай болуы қажет.

 

Сұрақ: Көше атауы өзгерген жағдайда үй құжаттарын қайта ресімдеуіміз керек пе?

 

Жауап:Үй құжаттарын қайта рәсімдеу қажет емес. Қажетті жағдайда көше атауының өзгергендігі жөнінде қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне хабарлай отырып, анықтама алынады және ол үй құжаттарына қосымша ретінде тіркеледі.

 

Сұрақ: Мектепке адам есімін беру үшін не істеу керек

 

Жауап: Ономастика заңына сәйкес, мектепте адам атауын беру үшін аталған мектеп директоры ұжымымен бірлесе жиналыс жасап ұжымның көпшілігінің қолдауымен хаттама жазылып тиісті құжаттар жинақталады. Құжаттар қалалық білім беру бөліміне жолданып, ұсыныс ретінде білім бөлімімен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданады. Ары қарай құжаттар облыстық әкімдіктің қарауына жолданып, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына ұсынылады. Барлық комиссиялардан қолдау тапқан жағдайда мектепке адам атауы облыстық мәслихаттың шешіміне сәйкес ресми түрде беріледі.

 

Сұрақ: ҚР тілдер туралы Заңының 21 бабын бұзып отырғандарға қандай шара қолданылады?

Жауап: «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы

21-бап.»

Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.

Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

Бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, ал қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылады.

Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.

Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

Көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай көрнекi ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

Аталған Заңға сәйкес, ауданда арнайы жұмысшы топ құрылып тиісті рейдтік шаралар ұдайы түрде жүргізіліп тұрады. Рейд барысында заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, заң бұзушылық жасаған азаматтар бойынша мәліметтер алынып, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданады.

 

Сұрақ: Көшеміздің атауын қалай ауыстыруға болады?

 

Жауап: ҚР Президенті әкімшілігі басшысының 2015 жылғы 30 қаңтардағы №284-2 тапсырмасына сәйкес қазіргі таңға дейін әкімшілік-аумақтық бірліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау беруге байланысты уақытша тоқтату (мораторий) жарияланған. Уақытша тоқтату мерзімі аяқталғаннан соң, атау беру және қайта атау жұмыстары белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті аумақтық әкімшілік тарапынан тұрғындардың келісімімен хаттама толтырылады. Қажетті мәліметтер жинақталып Шымкент қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауымен мақұлданып, республикалық ононмастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.

 

Ауданда қанша  көпқабатты үй орналасқан және қанша үй орталықтандырылған жылудан жылу алады?

 

 

       Әл-Фараби ауданында жалпы 665 көпқабатты тұрғын үй бар, соның 610 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамсыздандырылады. Жылу жеткізуші мекеме тұрғындарға жылуды жертөледегі элеваторға дейін жеткізуге міндетті, ал ары қарай тұрғындардың тік құбырларымен жатын құбырларды ауыстырулары өздеріне жүктеледі.

          Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 35-бабына сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi:

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.

2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi делінген.

Алайда, Шымкент қаласындағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлерге жылу беру кезінде пәтерлер ішіндегі ақауларға байланысты жылу беру мүмкіндігі болмай қалады. Себебі, тұрғындар қысқы жылу беру маусымына көп қабатты тұрғын үйлерін өз күшімен мерзімінде дайындаулары қажет.

Жылымайтын жатын, тік құбырларын, жылу қондырғыларын ауыстырып, сығымдау жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып, қысқы жылу маусымына дайындаулары қажет.

Әл-Фараби ауданы бойынша тұрғын үйлерді сығымдау жұмыстарын жүргізу үшін мамыр айынан қыркүйек айы аралығында кесте түзіліп жұмытар жүргізіледі. Көпқабатты үйлердің тұрғындарымен сығымдау жұмыстарымен айналысатын мекемелермен келісім-шартқа отыру жөнінде немесе жалдамалы түрде сығымдау жұмыстарын жүргізу керектігі жөнінде жиналыстар ұйымдастырылп отырады.

 

Ауданда қанша  көпқабатты үйге жылу есептегіш құралы орнатылған және пайдасы қандай, қалай төлем жасалынады?

 

Сонымен қатар, қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлерге тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырылып жылу есептегіш құралдары орнату бойынша жиналыстар жүргізіліп, ауданда осы уақытқа дейін 61 көпқабатты үйге жылу есептегіш құралдары орнатылды және ары қарайда жұмыстар жүруде.

          Жылу есптегіш құралының қазіргі таңда бағасы 750000 теңгені құрайды. Бір үйде қанша пәтер болатын болса, 750000 теңге сол пәтерлерге бірдей бөлінеді. Сол бөлінген ақша 48 ай мерзімге бөліп төленеді. Жылу есептегіш құралын орнатқан көпқабатты үйлердің тұрғындары  40 пайызға ақшаларын үнемдеп отыр.

 

Жылу есептегіш құралын орнату үшін толық мәліметті  Әл-Фараби ауданы әкімі аппартына хабарласып алуларыңызға болады.

 

 

Көп қабатты тұрғындардың назарына!

(БАҚ-қа жариялау үшін)

 

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» № 94-1 Заңының 35-бабына сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң мiндеттерi:

1. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мiндеттердi атқарады.

2. Үй-жайлардың (пәтерлердің) иелерi ортақ мүлiк пен үйдi ұстауға жұмсалатын барлық шығыстарға қатысуға мiндеттi, ортақ мүлiктiң және дара (бөлек) (өзiндiк) меншiктегi үй-жайлардың сақталуы мен қауiпсiз пайдаланылуына жауапты болады.

3. Ортақ мүлiктi ұстауға жұмсалатын шығыстардың мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келісімiнде өзгеше көзделмесе, үй-жай (пәтер) иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiне мөлшерлi белгiленедi делінген.

Алайда, Шымкент қаласындағы кейбір көп қабатты тұрғын үйлерге жылу беру кезінде пәтерлер ішіндегі ақауларға байланысты жылу беру мүмкіндігі болмай қалады. Себебі, тұрғындар қысқы жылу беру маусымына көп қабатты тұрғын үйлерін өз күшімен мерзімінде дайындаулары қажет.

Жылымайтын жатын, тік құбырларын, жылу қондырғыларын ауыстырып, сығымдау жұмыстарын уақытылы ұйымдастырып, қысқы жылу маусымына дайындаулары қажет.

Мысал ретінде, жеке тұрғын үйлер қысқа дейін үйлеріне ағаш отындары мен көмірін әкеліп дайындалады. Көп қабатты тұрғын үйдің ортақ мүліктеріне: абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі өздерінің меншігінде екендігін ұмытпаулары қажет.

Сол сияқты қысқы жылу мерзіміне көп қабатты үй тұрғындарын жылу маусымына өздері дайындалуларына шақырамыз.

 

 

Ауданның санитарлық тазалығын қандай мекеме атқарады?

 

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үйлердің, аулалардың және ішкі орам жолдарының санитарлық тазалық жұмыстарын қадағалау мақсатында аудан 7 учаскеге бөлінген, әр учаскеге аудан әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітілген.

Аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің санитарлық тазалық жұмыстарын, аула, ішкі орам жолдарын тазалау, шағынаудандардағы кенеттен пайда болған қоқыс қалдықтарын тазалау жұмыстарын мердігер мекемелер «ЛТД Тұрмыс» ЖШС, «Нұр-Сат» ЖШС, «Баспана камфорт» ЖШС және «Эко спец транс» ЖШС санитарлық тазалық жұмыстарын атқаруда.

 

 Қоқыс алаңшаларындағы және жеке тұрғын үйлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды тазалау қандай мекемелерге жүктелген?

Аудан аумағында 185 қоқыс алаңшасы, 626 қоқыс контейнерлері бар. Контейнер алаңшаларындағы және жеке тұрғын үй секторларының қатты тұрмыстық қалдық заттарын қалалық күл-қоқыс орнына шығарып тастау жұмыстарын тұрғындармен келісім-шарт негізінде 3 мекеме атқаруда. Наурыз, Спорт, Қарасу, ш/а., Самал-1, 2 ш/а., Химфарм е/м, Вокзал маңы, Ескі қала және орталық аумақтарды «ОрионНовТех» ЖШС, Сәуле және  Забадам ш/а «Арнайыавтокөлік» (САТ) ЖШС, Түркістан, Айқап, Отырар шағынаудандарын және 351 орамды «ЭкоСпецТранс» ЖШС тазалауда.

 

Ауланың тазалығын, көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс алаңдарын, жертөле және жертөледегі инженерлік тораптарды күтіп – ұстау, қызмет көрсету жұмыстарына кім жауапты?

Қазіргі таңда, аудан аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберіс алаңдарын тазалау, жертөледегі инженерлік тораптарға қызмет көрсету жұмыстарымен сервистік қызмет көрсететін мекемелер, тұрғындардың таңдауы бойынша келісім-шарт негізінде жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Жилкомхоз Шымкент» ЖШС  тел: 27-94-72, 87016040374, «Спец Комплект Сервис» ЖШС тел: 87784041325, «Бек Асыл Сервис» ЖШС тел: 87023177611, «Жил Строй Сервис» ЖШС тел: 87058989597, ЖК «Тасболатов», ЖК «ЖЭУ-6» және ЖК «Шымкент Ком Служба» тұрғын үйлерге севистік қызмет көрсетуде. Осындай мекемелердің көмегімен тұрғындар тарапынан туындаған коммуналдық мәселелер дер кезінде оң шешімдерін табуда.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің жертөлесі, кіреберіс алаңдары, шатыры және жертөледегі барлық коммуналдық жүйелері Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, тұрғындардың жеке меншігі болып табылатындықтан, мемлекет есебінен қаржы бөлу заңсыз болып саналатындығы жөнінде тұрғындармен өткізілген әрбір кездесуде айтылып түсіндіріледі.

 

 

Сұрақ.

Аудан көлемінде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда және қай жерден төмен бағада азық-түлік алуға болады?

 

Жауап:

Аудан көлемінде 4 базар, 19 сауда орталығы және 10 дүкендерге бағалар бойынша мониторинг жүргізілуде. Бұл сауда орындарына, базарларға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен басқармалардан жауапты қызметкерлер бекітілген. Азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жүргізіліп, облыстық штабқа мәлімет беріліп отырады. Қандай да бір бағаның өсуі байқалса сол сауда нысандарына жұмысшы топ барып, анықтау-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мониторинг азық-түлік тауарларының 33 түріне жүргізіледі.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорынан ұн, қант(шекер), картоп, басты пияз, сәбіз, күріш, макарон, қызылша, қырыққабат азық-түліктері төмен бағада тұрғындарға сатылуда. Бұл тауарларды Жоғарғы базар, Дархан, Қазыбек базарларынан және жексенбі күні Қажымұқан стадионының көлік тұрағы орнында өтетін жәрмеңкеден алуға болады.

 

Қала орталығында сауда-саттық мақсатында дүңгіршек қоюға рұқсат бар ма?

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің «Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда – саттықта (конкурстарды, аукциондарда) алу туралы» 48-бабының 1-тармағының талаптарына сай, «Тізбесін жергілікті атқарушы орган айқындаған және жергілікті өкілді орган тиісті шешімімен бекіткен, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері немесе жер учаскесін жалдау құқығы кемінде жылына бір рет өткізілетін сауда-саттықта (конкурстарды, аукциондарда) сату объектісі болып табылады.

 

Жарнама орналастыру үшін қандай мекемелерден рұқсат алуға болады?

 

Жарнаманы орналастыру үшін Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңына сәйкес, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне өтінішпен қоса құжаттарын өткізу қажет.

 

Қырғы базар аумағындағы ретсіз сауда қашан жойылады?

 

Қазіргі таңда құзырлы мекемелермен бірлескен түрде күнделікті рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 204-бабына сәйкес, хаттамалар толтырылуда және ретсіз саудамен тұрақты айналысып отырған тұлғалардың тізімі жасалып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және қала аумағындағы базар басшыларына бос сауда қатарлары бойынша сұраныс хаттар жолданған. Алдағы уақытта бос жұмыс орындары және сауда қатарлары бойынша ұсыныстар жасалуда.

 

 

Ауданда ретсіз сауданы жою үшін жергілікті полиция қызметінің міндеті қандай?

 

Қазіргі таңда ОҚО ІІД  жергілікті полициясының басшысы тағайындалды, алдағы уақытта учаскелік полиция қызметкрлері халық алдында және әкімшілікке жылына 1 рет есеп беріледі және аудан аумығындағы ретсіз сауданы алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылады. Қазіргі таңда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 1275 хаттама толтырылып, 1164 ескерту берілген, 1 123 705 теңге айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 634 240 теңге өндірілген.

 

Кәсіпкерлер тарапынан аудан көлемінде қандай іс-шараларға көмек көрсетуде?

 

Әл-Фараби аудан аумағындағы кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі және көп балалы 315 отбасылар «Құрбан айт» мерекесінде азық-түлік жиынтығымен қамтылып, қуанышқа бөленді. «Мүгедектер күніне» орай қазан айында кәсіпкерлердің демеушілігімен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 9 арнайы қол арба табысталды.

«Мүгедектер күніне» орай аудандағы кәсіпкерлердің қолдауымен 8 мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қол арба мен Шымкент қалалық №2 естімейтін балалар мектеп-интернатына отандық жер серіктік «Отау ТV» телеарнасының тюнері мен тарелкасы сыйға берілді. Осы интернатта білім алатын 100 бала қаламыздағы зообақты тегін тамашалады. «Шымкент қосалқы мектеп-интернаты» КММ-ның 100 тәрбиеленушісін оңтүстік цирк ғимаратында «Цирк на воде» бағдарламасын тамашалады.

 

Ауданда ретсіз жарнамалар қаптап кеткен бұл жөнінде қандай іс-шаралар атқарылуда?

 

Әр апта сайын құзырлы мекемелермен бірлескен түрде аудан аумығындағы орналасқан ретсіз жарнамалардың иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңсыз болып анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес хаттамалар толтырылады. Қазіргі таңда аталған Кодекстің 505-бабы бойынша 720 әкімшілік хаттама толтырылған, 297 300 теңге айыппұл салынып, 257 660 теңге өндірілген.

 

Ретсіз саудаларды қуа бермей барлықтарына белгілі бір орын қарастыруға мүмкіндік бар ма?

 

Ретсіз саудамен тұрақты айналысып отырған тұлғалардың тізімі жасалып жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және қала аумағындағы базар басшыларына бос сауда қатарлары бойынша сұраныс хаттар жолданған. Алдағы уақытта бос жұмыс орындары және сауда қатарлары бойынша ұсыныстар жасалуда.

 

Аудан аумағында жәрмеңке ұйымдастырылуда ма?

 

Әр аптаның сенбі күні Мәделі қожа көшесінің бойындағы Қажымұқан стадионының көлік тұрағының орнында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың, көтерме фирмалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтардың қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеде тауар өндіруші кәсіпорындар өз тауарларын өзіндік құнымен, ал фирмалар көтерме бағада базар нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада қала тұрғындарына ұсынылуда.

 

Кәсіпкерлерді қолдау көрсету қай жерде орналасқан және кәсіпкерлерге қандай көмектер көрсетіліп жатыр?

Шымкент қ. Бәйдібек би даңғылында орналасқан. 2013 жылдың басынан бері Шымкент қаласындағы «Даму» қорының жанында жұмыс атқарып жатқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығы Оңтүстік Қазақстан облысының өз кәсіптерін енді бастаған және әрекет етіп тұрған 677-ден артық кәсіпкерлерге кеңес берді. Орталықта «Damu start-up» бағдарламасына қатысуды жоспарлаған, бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша төрт рет семинар-тренинг болып өтті. Бұл жерде кәсіпкерлер «бір терезе» тәртібі бойынша кеңес қызметінің кешенін алады, барлық салалар бойынша бизнес негізін үйрене алады, бизнес-жоспар құруға және оларды экспертизадан өткізу мен олардың тиімділігін бағалауда сүйемелдеуге көмек алады.

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы