SHYMKENT QALASY ÁL-FARABI AÝDANY ÁKIMI APPARATYNYŃ RESMI INTERNET-RESÝRSY

 

Әл-Фараби ауданы аумағындағы ретсіз сауданы және ретсіз жарнаманы жою бойынша іс-шаралар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте ретсіз саудамен және ретсіз жарнамамен күрес шаралары жалғасуда. Осыған орай Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті  рейд жұмыстары өткізілді.

Рейдтік шараға Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері және жергілікті  учаскелік полицейлер қатысты.

Рейд барысында, Қазыбек би және Түркістан көшелерінің бойында ретсіз саудамен айналысып отырған тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,хаттама толтырылды.

Ретсіз саудамен айналысып отырған бірнеше дүңгіршектерді жүк көліктеріне тиеп, аумақ тазартылды.

Сонымен қатар «Ескі қала» маңында құрылыс заттарын сататын дүкендер арнаулы бекітілген орындардан шығып, жүргіншілер жолына шығып кеткендіктен және жарнама талаптарына сәйкес болмауына байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар толтырылды.

 Ретсіз саудаға жол бергендерге  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-ші бабына сәйкес , 5 АЕК мөлшерінде (10605 теңге)  тиісті жаза қолдануда.

«Қырғы базар» маңында орналасқан  бірнеше үлкенді-кішілі базарларда ретсіз саудамен айналысып тұрған  тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 2016 жылдың басынан бастап,  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204-бабы бойынша 243 хаттама толтырылып, оның ішінде 198-і ескерту берілген. 159 075 теңге көлемінде айыппұл салынып, жергілікті бюджетке 68 932 теңге өндірілген.

Сонымен қатар,  аталған Кодекстің 505-бабы  бойынша 2016 жылдың басынан 122 әкімшілік хаттама толтырылған, оның ішінде 120 ескерту берілген, 84 840 теңге көлемінде айыппұл салынып, 42 420 теңге өндірілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

Copyright © 2019 Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі ресми интернет ресурсы